ҚР Регби федерациясының басшылығы

ПРЕЗИДЕНТ

Шарлапаев Қанат Бисимбайұлы — қазақстандық мемлекеттік қайраткер. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі (2023 жылғы 4 қыркүйектен 2025 жылғы 28 ақпанға дейін). Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі.

— Саратов әлеуметтік-экономикалық университеті. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы.
— Cranfield School of Management (Ұлыбритания). Магистр, «Қаржы және басқару» мамандығы.

2006—2008 — «Сити» инвестициялық банкінің өңірлік кеңсесінің қаржы департаменті, жобаларды басқару департаменті, операциялық-технологиялық департаменті, сатуды басқару бөлімі (Ұлыбритания, Чехия)
2008—2014 — «Сити» инвестициялық банкінің акциялар нарығындағы жұмыс жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания)
2014—2015 — «Сити» инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті (Лондон, Ұлыбритания)
2015—2017 — «Ситибанк Қазақстанның» бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті
2017—2020 — «Ситибанк Ресейдің» Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті
2020—2022 — «Сити» инвестициялық банкінің Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры (БАӘ)
2022 жылғы ақпаннан 2023 жылғы қыркүйекке дейін — «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы
2023 жылғы 4 қыркүйектен 2025 жылғы 28 ақпанға дейін — Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі
2025 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Регби федерациясының президенті болып сайланды[4][5].
2025 жылғы 28 ақпаннан бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

Бас хатшы

Джартыбаева Айгүл Мұратханқызы 2021 жылғы 4 наурызда «QAZAQSTAN RUGBY» ЗТБ-ның бас хатшысы болып сайланды. 2021 жылғы мамырда Азия регби федерациясының (Asia Rugby) регбиді дамыту департаментінің екінші орынбасары болып сайланып, қазіргі уақытта да сол жерде белсенді жұмысын жалғастыруда. 2021 жылдан қазіргі уақытқа дейін — «QAZAQSTAN RUGBY» спорттық федерациялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастықтың президенті.

— 1993-1998 ж.ж. Алматы қ. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, «Тауартану» мамандығы;
— 2005-2007 ж.ж. Алматы қ. Қазақ мемлекеттік аграрлық университеті, «Экономика» мамандығы;
— 2011-2013 ж.ж. Алматы қ. Қазақ спорт және туризм академиясы, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы;

Спорттық жетістіктері:
Регби-15-тен Әлем Кубоктарының қатысушысы — 1998, 2002;
Регби-15-тен Еуропа Кубоктарының қатысушысы — 1999, 2000, 2001;
Регби-7-ден Азия Чемпионатының жеңімпазы — 2001, 2002.
Спорттық атағы:
Регбиден «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері»
Марапат белгісі:
«Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін»