1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің жеке спорттық құрылымын қалыптастыра бастады.
1993 жылы Қазақстан регби федерациясы ресми түрде құрылды — бұл еліміздегі регбидің даму стратегиясын айқындайтын негізгі орган болды. Осы сәттен бастап ұлттық құрамаларды жасақтау және халықаралық регби қоғамдастығына кіру басталды:
- Қазақстан Asia Rugby және World Rugby (бұрынғы IRB) мүшесі атанды
- Регби-15 және регби-7-ден ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары құрылды
- Алғашқы халықаралық тәжірибе
1994 жылы Қазақстан әйелдер құрамасы Шотландияда өткен регби-15-тен Әлем кубогында дебют жасады — бұл әлемдік аренаға шыққан Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз команда болды. Осы жылдары Азия чемпионаттарына алғашқы қатысулар басталды, сондай-ақ аймақтағы басқа елдермен (Жапония, Оңтүстік Корея) байланыстар орнатылды.
2000-жылдар белсенді кеңею кезеңі болды:
- Өңірлік клубтар мен академиялар құрылды
- Балалар мен жастар регбиін дамыту бағдарламалары енгізілді
- Әйелдер құрамасы Әлем кубогының бірқатар серияларына қатысты: 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдар Осы жылдары Қазақстан құрлықтық турнирлердің финалына жүйелі түрде шығып, азиялық әйелдер регбиінің көшбасшыларының бірі ретінде бекіді.
- Регби-7 және регби-15-тен Азияның бірнеше дүркін чемпиондары (әйелдер командасы)
- Регби-15-тен Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері (ерлер командасы)
- 2010, 2014, 2018 жылдардағы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен қола жүлдегерлері
- Жыл сайын регби-15 және регби-7-ден ҚР чемпионаттарын өткізу (жасөспірімдерден жоғары лигаға дейін)
- Төрешілер мектебін, жаттықтырушылар курстарын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу
- Регби-7-ден олимпиадалық іріктеулерге қатысу (2015, 2019, 2023)
Халықаралық танылу Қазақстан өңірдегі ең тұрақты әрі беделді федерациялардың бірі ретінде танылды:
- Әйелдер арасындағы Әлем кубогының тұрақты қатысушысы және Әлем кубогына іріктеу кезеңдеріне қатысушы
- Әйелдер арасындағы әлемдік жарыстарға қатысу саны бойынша Азия көшбасшысы
- World Rugby-дің әйелдер спортын дамыту, инклюзия және тұрақты басқару бағдарламаларының қатысушысы
- Алматы қ. (мемлекеттік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша кәсіби регби клубы)
- Алматы облысы:
«Олимп» кәсіби регби клубы;
Регби бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебі;
№1 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі. - Қостанай облысы — «Қостанай қалалық БЖСМ» жанындағы балалар бөлімшесі.
- Жамбыл облысы — №1 ОБЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
- Маңғыстау облысы — МО СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
- Павлодар облысы — Павлодар қаласының спорт басқармасына қарасты «Балалар мен жастар спорт орталығы» жанындағы регби бөлімшесі.
- ШҚО — Ойын спорт түрлері бойынша БЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
- Нұр-Сұлтан қ. — №5 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
- Шымкент қ. — №18 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
- Түркістан облысы — №2 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
1999 жылдан бастап Федерация жыл сайын барлық жас топтары арасында регби-7-ден (жазғы Олимпиадалық спорт түрі), регби-10, 15-тен, жағажай регбиі мен қысқы регбиден (жазғы Олимпиадалық емес спорт түрлері) Қазақстан Республикасының чемпионаттарын өткізіп келеді.
- Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 5 тур;
- Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-10, 15-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 2 тур;
- Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
- Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-15-тен Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 2 тур;
- U-16, U-17, U-14, U-12, U-10 және одан кіші жастағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7, 10-нан «Алтын сопақ» Қазақстан Республикасының чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
- Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында жағажай регбиінен Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур;
- Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында қысқы регбиден Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур.
- Халықаралық регби федерациясының талаптарына сәйкес және ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен келісе отырып, спорт түрлері бойынша ережелерді әзірлеу және бекіту;
- Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спорт түрлері бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларын және спортшыларды даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеу;
- Республикалық спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді әзірлеу және оларды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на бекітуге ұсыну;
- Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;
- ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на регби спортының дамуы туралы ақпарат ұсыну;
- Спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрлеріне қарсы іс-қимыл жасау;
- Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлеу және іске асыру;
- Тиісті спорт түрлерінің талаптары мен нормаларын бірыңғай спорттық жіктемеге енгізу мақсатында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсыну және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын ұсыну;
- Регби бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыру;
- Жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыру;
- ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсынылатын спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды келісу;
- Спортшыларды тіркеуден өткізу;
- Спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін (реестрін) жүргізу;
- Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес допингті қолдануға қарсы іс-қимыл жасау;
- Өзінің интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының және халықаралық спорт федерацияларының тиісті спорт түрлері бойынша антидопингтік ережелерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
- Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылар тізімін қалыптастыру үшін ұлттық антидопингтік ұйымға қажетті ақпаратты ұсыну;
- Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, спортшыларды олардың жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылар тізіміне енгізілгені туралы хабардар ету;
- Антидопингтік ережелерге сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесу;
- Дисквалификация (шеттету) туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетін, ұлттық антидопингтік ұйымды және халықаралық спорт федерациясын хабардар ету;
- Әдістемелік жұмыс нәтижелері негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту бойынша ұсынымдар беру;
- Кәсіби спортты дамыту бойынша міндеттерді орындау.





