Басты бет

Регби федерациясы — бұл

Бүкіл ел бойынша
тіркелген ойыншылар

Жоғары лига командалары

Жасөспірімдер
командалары

Федерациялар мен клубтар

Біздің федерация туралы

1993 жылдан бастап Федерация WORLD RUGBY Халықаралық регби федерациясының мүшесі, ал 2001 жылдан бастап ASIA RUGBY Азия регби федерациясының мүшесі болып табылады.

«QAZAQSTAN RUGBY» спорттық федерациялар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық» қызметінің негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасында регби спортын дәріптеу және ілгерілету арқылы салауатты ұлттың қалыптасуына ықпал ету.

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің жеке спорттық құрылымын қалыптастыра бастады.
1993 жылы Қазақстан регби федерациясы ресми түрде құрылды — бұл еліміздегі регбидің даму стратегиясын айқындайтын негізгі орган болды. Осы сәттен бастап ұлттық құрамаларды жасақтау және халықаралық регби қоғамдастығына кіру басталды:

  • Қазақстан Asia Rugby және World Rugby (бұрынғы IRB) мүшесі атанды
  • Регби-15 және регби-7-ден ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары құрылды
  • Алғашқы халықаралық тәжірибе

1994 жылы Қазақстан әйелдер құрамасы Шотландияда өткен регби-15-тен Әлем кубогында дебют жасады — бұл әлемдік аренаға шыққан Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз команда болды. Осы жылдары Азия чемпионаттарына алғашқы қатысулар басталды, сондай-ақ аймақтағы басқа елдермен (Жапония, Оңтүстік Корея) байланыстар орнатылды.

2000-жылдар белсенді кеңею кезеңі болды:

  • Өңірлік клубтар мен академиялар құрылды
  • Балалар мен жастар регбиін дамыту бағдарламалары енгізілді
  • Әйелдер құрамасы Әлем кубогының бірқатар серияларына қатысты: 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдар Осы жылдары Қазақстан құрлықтық турнирлердің финалына жүйелі түрде шығып, азиялық әйелдер регбиінің көшбасшыларының бірі ретінде бекіді.
  • Регби-7 және регби-15-тен Азияның бірнеше дүркін чемпиондары (әйелдер командасы)
  • Регби-15-тен Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері (ерлер командасы)
  • 2010, 2014, 2018 жылдардағы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен қола жүлдегерлері
  • Жыл сайын регби-15 және регби-7-ден ҚР чемпионаттарын өткізу (жасөспірімдерден жоғары лигаға дейін)
  • Төрешілер мектебін, жаттықтырушылар курстарын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу
  • Регби-7-ден олимпиадалық іріктеулерге қатысу (2015, 2019, 2023)

Халықаралық танылу Қазақстан өңірдегі ең тұрақты әрі беделді федерациялардың бірі ретінде танылды:

  • Әйелдер арасындағы Әлем кубогының тұрақты қатысушысы және Әлем кубогына іріктеу кезеңдеріне қатысушы
  • Әйелдер арасындағы әлемдік жарыстарға қатысу саны бойынша Азия көшбасшысы
  • World Rugby-дің әйелдер спортын дамыту, инклюзия және тұрақты басқару бағдарламаларының қатысушысы
  1. Алматы қ. (мемлекеттік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша кәсіби регби клубы)
  2. Алматы облысы:
    «Олимп» кәсіби регби клубы;
    Регби бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебі;
    №1 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  3. Қостанай облысы — «Қостанай қалалық БЖСМ» жанындағы балалар бөлімшесі.
  4. Жамбыл облысы — №1 ОБЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
  5. Маңғыстау облысы — МО СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  6. Павлодар облысы — Павлодар қаласының спорт басқармасына қарасты «Балалар мен жастар спорт орталығы» жанындағы регби бөлімшесі.
  7. ШҚО — Ойын спорт түрлері бойынша БЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
  8. Нұр-Сұлтан қ. — №5 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  9. Шымкент қ. — №18 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  10. Түркістан облысы — №2 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.

1999 жылдан бастап Федерация жыл сайын барлық жас топтары арасында регби-7-ден (жазғы Олимпиадалық спорт түрі), регби-10, 15-тен, жағажай регбиі мен қысқы регбиден (жазғы Олимпиадалық емес спорт түрлері) Қазақстан Республикасының чемпионаттарын өткізіп келеді.

  • Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 5 тур;
  • Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-10, 15-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 2 тур;
  • Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
  • Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-15-тен Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 2 тур;
  • U-16, U-17, U-14, U-12, U-10 және одан кіші жастағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7, 10-нан «Алтын сопақ» Қазақстан Республикасының чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
  • Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында жағажай регбиінен Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур;
  • Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында қысқы регбиден Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур.
  • Халықаралық регби федерациясының талаптарына сәйкес және ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен келісе отырып, спорт түрлері бойынша ережелерді әзірлеу және бекіту;
  • Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спорт түрлері бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларын және спортшыларды даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеу;
  • Республикалық спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді әзірлеу және оларды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на бекітуге ұсыну;
  • Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;
  • ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на регби спортының дамуы туралы ақпарат ұсыну;
  • Спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрлеріне қарсы іс-қимыл жасау;
  • Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлеу және іске асыру;
  • Тиісті спорт түрлерінің талаптары мен нормаларын бірыңғай спорттық жіктемеге енгізу мақсатында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсыну және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын ұсыну;
  • Регби бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыру;
  • Жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыру;
  • ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсынылатын спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды келісу;
  • Спортшыларды тіркеуден өткізу;
  • Спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін (реестрін) жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес допингті қолдануға қарсы іс-қимыл жасау;
  • Өзінің интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының және халықаралық спорт федерацияларының тиісті спорт түрлері бойынша антидопингтік ережелерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылар тізімін қалыптастыру үшін ұлттық антидопингтік ұйымға қажетті ақпаратты ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, спортшыларды олардың жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылар тізіміне енгізілгені туралы хабардар ету;
  • Антидопингтік ережелерге сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесу;
  • Дисквалификация (шеттету) туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетін, ұлттық антидопингтік ұйымды және халықаралық спорт федерациясын хабардар ету;
  • Әдістемелік жұмыс нәтижелері негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту бойынша ұсынымдар беру;
  • Кәсіби спортты дамыту бойынша міндеттерді орындау.

2030 жылға дейінгі даму стратегиясы

Ағымдағы жағдай

Регби 11 өңірде белсенді дамып келеді, оның ішінде 5-еуі тиісті деңгейде жұмыс істейді.

Ключевые направления

Балалар-жасөспірімдер регбиіне назар аудару, жаттықтырушылар құрамын дамыту және клубтық жүйені қолдау.

Цель

Бүкіл ел бойынша регбидің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін берік жүйе құру.

Қазақстандағы регби — бұл жай ғана спорт емес. Бұл ұрпақтарды, аймақтар мен мәдениеттерді біріктіретін қозғалыс. Біз өткенімізді мақтан тұтамыз және болашаққа нық сеніммен қараймыз.

«QAZAQSTAN RUGBY» ЗТБ жаңа стратегиялық ынтымақтастық туралы мақтанышпен хабарлайды – Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры біздің бас серіктесіміз атанды.

Бұл оқиға еліміздің бүкіл спорт қауымдастығы үшін ерекше маңызға ие. Туризм және спорт индустриясын қолдау қорымен серіктестік — бұл регбиді дәріптеуге, жастарды спортқа тартуға және әлемдік регби аренасында Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға бағытталған нық қадам.