Тарихы

1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өзінің жеке спорттық құрылымын қалыптастыра бастады.
1993 жылы Қазақстан регби федерациясы ресми түрде құрылды — бұл еліміздегі регбидің даму стратегиясын айқындайтын негізгі орган болды. Осы сәттен бастап ұлттық құрамаларды жасақтау және халықаралық регби қоғамдастығына кіру басталды:

  • Қазақстан Asia Rugby және World Rugby (бұрынғы IRB) мүшесі атанды
  • Регби-15 және регби-7-ден ерлер мен әйелдер ұлттық құрамалары құрылды
  • Алғашқы халықаралық тәжірибе

1994 жылы Қазақстан әйелдер құрамасы Шотландияда өткен регби-15-тен Әлем кубогында дебют жасады — бұл әлемдік аренаға шыққан Орталық Азиядағы бірінші және жалғыз команда болды. Осы жылдары Азия чемпионаттарына алғашқы қатысулар басталды, сондай-ақ аймақтағы басқа елдермен (Жапония, Оңтүстік Корея) байланыстар орнатылды.

2000-жылдар белсенді кеңею кезеңі болды:

  • Өңірлік клубтар мен академиялар құрылды
  • Балалар мен жастар регбиін дамыту бағдарламалары енгізілді
  • Әйелдер құрамасы Әлем кубогының бірқатар серияларына қатысты: 1998, 2002, 2006, 2010, 2014 жылдар Осы жылдары Қазақстан құрлықтық турнирлердің финалына жүйелі түрде шығып, азиялық әйелдер регбиінің көшбасшыларының бірі ретінде бекіді.
  • Регби-7 және регби-15-тен Азияның бірнеше дүркін чемпиондары (әйелдер командасы)
  • Регби-15-тен Азия чемпионатының күміс және қола жүлдегерлері (ерлер командасы)
  • 2010, 2014, 2018 жылдардағы жазғы Азия ойындарының чемпиондары мен қола жүлдегерлері
  • Жыл сайын регби-15 және регби-7-ден ҚР чемпионаттарын өткізу (жасөспірімдерден жоғары лигаға дейін)
  • Төрешілер мектебін, жаттықтырушылар курстарын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу
  • Регби-7-ден олимпиадалық іріктеулерге қатысу (2015, 2019, 2023)

Халықаралық танылу Қазақстан өңірдегі ең тұрақты әрі беделді федерациялардың бірі ретінде танылды:

  • Әйелдер арасындағы Әлем кубогының тұрақты қатысушысы және Әлем кубогына іріктеу кезеңдеріне қатысушы
  • Әйелдер арасындағы әлемдік жарыстарға қатысу саны бойынша Азия көшбасшысы
  • World Rugby-дің әйелдер спортын дамыту, инклюзия және тұрақты басқару бағдарламаларының қатысушысы
  1. Алматы қ. (мемлекеттік қызмет көрсету бағдарламасы бойынша кәсіби регби клубы)
  2. Алматы облысы:
    «Олимп» кәсіби регби клубы;
    Регби бойынша балалар мен жасөспірімдер мектебі;
    №1 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  3. Қостанай облысы — «Қостанай қалалық БЖСМ» жанындағы балалар бөлімшесі.
  4. Жамбыл облысы — №1 ОБЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
  5. Маңғыстау облысы — МО СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  6. Павлодар облысы — Павлодар қаласының спорт басқармасына қарасты «Балалар мен жастар спорт орталығы» жанындағы регби бөлімшесі.
  7. ШҚО — Ойын спорт түрлері бойынша БЖСМ жанындағы регби бөлімшесі.
  8. Нұр-Сұлтан қ. — №5 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  9. Шымкент қ. — №18 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.
  10. Түркістан облысы — №2 СЖБӨРМ жанындағы регби бөлімшесі.

1999 жылдан бастап Федерация жыл сайын барлық жас топтары арасында регби-7-ден (жазғы Олимпиадалық спорт түрі), регби-10, 15-тен, жағажай регбиі мен қысқы регбиден (жазғы Олимпиадалық емес спорт түрлері) Қазақстан Республикасының чемпионаттарын өткізіп келеді.

  • Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 5 тур;
  • Ерлер мен әйелдер командалары арасында регби-10, 15-тен Қазақстан Республикасының чемпионаты (Жоғары лига) – ойын маусымы ішінде 2 тур;
  • Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7-ден Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
  • Бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-15-тен Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты – ойын маусымы ішінде 2 тур;
  • U-16, U-17, U-14, U-12, U-10 және одан кіші жастағы бозбалалар мен бойжеткендер арасында регби-7, 10-нан «Алтын сопақ» Қазақстан Республикасының чемпионаты – ойын маусымы ішінде 3 тур;
  • Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында жағажай регбиінен Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур;
  • Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер командалары арасында қысқы регбиден Қазақстан Республикасының чемпионаты – 1 тур.
  • Халықаралық регби федерациясының талаптарына сәйкес және ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен келісе отырып, спорт түрлері бойынша ережелерді әзірлеу және бекіту;
  • Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) спорт түрлері бойынша кешенді мақсатты бағдарламаларын және спортшыларды даярлаудың жеке жоспарларын әзірлеу;
  • Республикалық спорт федерациясы өткізетін спорттық жарыстар туралы ережелерді әзірлеу және оларды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на бекітуге ұсыну;
  • Регбиден Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) халықаралық спорттық жарыстарға дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету;
  • ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен ҚР ҰОК-на регби спортының дамуы туралы ақпарат ұсыну;
  • Спорттағы кемсітушілік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түрлеріне қарсы іс-қимыл жасау;
  • Бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесін әзірлеу және іске асыру;
  • Тиісті спорт түрлерінің талаптары мен нормаларын бірыңғай спорттық жіктемеге енгізу мақсатында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсыну және жаттықтырушыларды аттестаттау бойынша біліктілік талаптарын ұсыну;
  • Регби бойынша спорт төрешілерін даярлауды жүзеге асыру;
  • Жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандарды аттестаттауды жүзеге асыру;
  • ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне ұсынылатын спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беруге арналған құжаттарды келісу;
  • Спортшыларды тіркеуден өткізу;
  • Спортшылардың, аттестатталған спорт төрешілерінің, жаттықтырушылардың тізілімін (реестрін) жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес допингті қолдануға қарсы іс-қимыл жасау;
  • Өзінің интернет-ресурстарында Қазақстан Республикасының және халықаралық спорт федерацияларының тиісті спорт түрлері бойынша антидопингтік ережелерін қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеу өткізу мақсатында спортшылар тізімін қалыптастыру үшін ұлттық антидопингтік ұйымға қажетті ақпаратты ұсыну;
  • Қазақстан Республикасының антидопингтік ережелеріне сәйкес, спортшыларды олардың жарыс кезінде де, жарыстан тыс кезеңде де тестілеуге жататын спортшылар тізіміне енгізілгені туралы хабардар ету;
  • Антидопингтік ережелерге сәйкес спортшыларды тестілеуден өткізуге жәрдемдесу;
  • Дисквалификация (шеттету) туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетін, ұлттық антидопингтік ұйымды және халықаралық спорт федерациясын хабардар ету;
  • Әдістемелік жұмыс нәтижелері негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға спорт түрін дамыту бойынша ұсынымдар беру;
  • Кәсіби спортты дамыту бойынша міндеттерді орындау.