ТАШКЕНТ, 2026 жылғы 17 мамыр- Регби-7-ден Өзбекстан астанасында 2026 жылдың 16–17 мамыры аралығында өткен беделді «CASA Ташкент регби-7» (Central & South Asia Rugby) халықаралық турнирінде Қазақстан Республикасының әйелдер жастар құрамасы күміс медальге ие болды.
Бұл нәтиже еліміздің жақын арадағы резервінің жоғары әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді. Турнирдің басты ерекшелігі – бәсекелестік деңгейінде болды: Қазақстан намысын жастар құрамасы қорғаса, олардың негізгі қарсыластары – Шри-Ланка мен Өзбекстан командалары өздерінің басты ұлттық құрамаларын шығарды.
Топтық кезеңде (B пулы) қазақстандық регбиші қыздар 13 ұпай жинап (5 матчта 4 жеңіс), Өзбекстан мен Үндістанның ересектер құрамаларын артқа қалдырып, турнирлік кестеде бірінші орынға жайғасты. Сондай-ақ, біздің команда ең үздік ұпай айырмашылығын (+36) және қорғаныстағы жоғары тәртіпті көрсете білді. Алтын жүлде үшін өткен финалдық кездесуде қазақстандық жастар Шри-Ланканың тәжірибелі ұлттық құрамасына тартысты бәсекеде есе жіберді.
Аймақтың таңдаулы командаларына қарсы ойындарда резервтің жоғары дайындық деңгейін көрсетуі отандық регбидің жүйелі өсімін және қазақстандық мектептің халықаралық аренадағы міндеттерді тиімді шешуге қауқарлы екенін айғақтайды.
Қазақстан регби федерациясы ұлттық туға деген адалдығы мен төзімділігі үшін Динара Омарбаеваның жетекшілігіндегі ойыншылар мен жаттықтырушылар штабына терең алғысын білдіреді.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»
































