ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАЛАРЫ ASIA RUGBY EMIRATES SEVENS SERIES 2026 ТУРНИРІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІН АЯҚТАДЫ

Шри-Ланканың Коломбо қаласында Азия елдерінің әйелдер және ерлер құрамалары қатысқан Asia Rugby Emirates Sevens Series 2026 турнирінің екінші кезеңі аяқталды.

Қазақстанның әйелдер құрамасы турнир қорытындысы бойынша 5-орынға ие болды. Қазақстандық регбишілер Таиланд құрамасын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Жарыс барысында спортшыларымыз табандылық, командалық бірлік пен жоғары ойын деңгейін көрсетіп, халықаралық аренада еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Қазақстанның ерлер құрамасы екінші кезеңнің қорытындысы бойынша 10-орынға тұрақтап, өз позициясын нығайтты және 2027 жылы өтетін Asia Rugby Sevens Series турниріне қатысуын растады.

Халықаралық серияға қатысу қазақстандық регбиді дамыту, ойыншылардың жарыс тәжірибесін арттыру және алдағы турнирлерге дайындық тұрғысынан маңызды кезең болды.

Екі құрамаға да турнирдің екінші кезеңін аяқтауымен құттықтау білдіріп, алдағы жарыстарда толағай табыс, сенімді ойын және жаңа жеңістер тілейміз!

Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі  — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»


·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз