Алматы қаласында регби-7 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының Жоғары лига командалары арасындағы IV туры өтті

Алматы қаласында регби-7 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының Жоғары лига командалары арасындағы IV туры өтті. Турнир отандық регби қауымдастығының өкілдерін, спортшылар мен жаттықтырушыларды біріктіріп, ұлттық чемпионаттың маңызды кезеңдерінің біріне айналды.

Жарысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан келген командалар қатысты. Қатысушылар барлық матч барысында жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты, жеңіске деген жігерді және тартысты ойын көрсетті.

Чемпионат елімізде регбиді дамытуға, өңірлер арасындағы спорттық байланысты нығайтуға және осы серпінді спорт түріне деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік берді.

Мұндай жарыстарды өткізу Қазақстанда регби-7 спортын кеңінен насихаттауға, спортшыларды қолдауға және отандық регбидің одан әрі дамуына ықпал етеді.

Регби-7 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының Жоғары лига командалары арасындағы жарысы жалғасуда. Алда қатысушыларды жаңа матчтар мен турнир кестесіндегі жоғары орындар үшін тартысты бәсеке күтіп тұр.

Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі  — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»


·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз