Қазақстан құрамасы Borneo Sevens халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті
11–12 сәуір күндері Малайзияда өткен Borneo Sevens халықаралық турнирінде Қазақстанның ерлер ұлттық регби-7 құрамасы сәтті өнер көрсетті.
Топтық кезеңде қазақстандық регбишілер үш сенімді жеңіске қол жеткізді:
* Бельгия — 7:24 Қазақстан
* Малайзия — 7:26 Қазақстан
* Индонезия — 0:27 Қазақстан
Халықаралық турнирге қатысу ұлттық құраманың ойын тәжірибесін арттырып, әлемнің мықты командаларымен бәсекелестік деңгейін көтеруге мүмкіндік берді.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

































