ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАЛАРЫ — AICHI-NAGOYA 2026 АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА

2026 жылы Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өткен XX Азия ойындарында Қазақстан Республикасының ұлттық құрамалары регби-7 бойынша ел намысын қорғады.

Азия құрлығындағы ең ірі спорттық додалардың біріне қатысқан Қазақстан құрамалары жарыс барысында жоғары деңгейдегі қарсыластармен кездесіп, өз шеберліктері мен командалық рухтарын көрсетті.

Айти–Нагоя 2026 Азия ойындары спортшыларымыз үшін халықаралық тәжірибе жинақтап, Азияның үздік командаларымен бәсекеге түсуге мүмкіндік берген маңызды жарыстардың бірі болды.

Қазақстан құрамаларының әрбір ойыны — ел спортының дамуына, регбидің танымалдылығын арттыруға және халықаралық аренадағы Қазақстанның спорттық беделін нығайтуға қосылған үлес.

Қазақстан регбиі алдағы халықаралық жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғауға және жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылады.

Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі  — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз