Қазақстанның регби-7 ерлер ұлттық құрамасы Таиландтағы оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстанның регби-7 ерлер ұлттық құрамасы Таиландтағы оқу-жаттығу жиынын бастады

Қазақстан Республикасының регби-7 бойынша ерлер ұлттық құрамасы Таиланд Корольдігінің Чианг Май қаласына келіп, 2026 жылғы 24 шілде мен 3 тамыз аралығында «11 Rugby» базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде.

Аталған оқу-жаттығу жиыны ұлттық құраманың алдағы Азия сериясы мен Азия ойындарына дайындық жоспары аясында ұйымдастырылып отыр. Жиын барысында спортшылар физикалық дайындықтарын жетілдіріп, техникалық және тактикалық шеберліктерін шыңдап, командалық өзара іс-қимылды күшейтуге басымдық береді.

Заманауи инфрақұрылымы бар оқу-жаттығу базасында өткізілетін жиын ұлттық құраманың халықаралық деңгейдегі маңызды жарыстарға сапалы дайындалуына мүмкіндік береді.

Ұлттық құрамамызға нәтижелі дайындық, сәтті оқу-жаттығу жиыны және алдағы халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер тілейміз!

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз