13–14 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасы бойынша ерлер командалары арасындағы регби-7 чемпионатының 3-тур ойындары (Жоғары лига) өтеді.
Елдің ең мықты клубтары алаңға шығып, шеберлігін, мінезін және командалық рухын көрсетеді.
Жақындарыңызды қолдап, үлкен регбидің атмосферасын бірге сезініңіздер!
Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.




























