10-11 қыркүйек күндері Алматы қаласында регби-7-ден U-15 ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының күзгі жастар чемпионаты өтті. Жалпы жарысқа 14 командадан 200 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
U-15 ұлдар:
🥇 орын — «Жетісу» құрама командасы Талдықорған қ.
U-15 қыздар:
🥇 орын — «Жетісу» құрама командасы Талдықорған қ.
Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.




























