Қазақстан регби құрамасы Азия чемпионатында

Регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына аттанды

15-20 мамыр аралығында Жапонияның Фукуока қаласында регби-15-тен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді. Қазақстан командасы алғашқы ойында 15 мамырда былтырғы чемпион Жапониямен күш сынасады. Осыдан кейін Қытайдың Гонконг құрамасымен 20 мамырда кездеседі.

Ұлттық құрама тізімі: Сымбат Жаманқұлова, Әмина Шәріп, Наталья Камендровская, Светлана Малежина, Дарья Ткачева, Ксения Ким, Елена Юрова, Татьяна Кручинкина, Дарья Симакова, Татьяна Дададжанова, Аяулым Бақытпек, Виктория Кузнецова, Анжелика Пичугина, Вероника Степанюга, Мария Гришина, Екатерина Савина, Алена Дробовская, Наталья Власова, Анна Мельникова, Ирина Балабина, Лилия Олейникова, Әмина Төлегенова, Карина Сазонтова, Алена Мельникова.

Ұлттық құраманың жаттықтырушысы – Ильдар Әбдіразақов.

Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз