Қазақстан регби-15 құрамасы Гонконгпен күміс үшін ойнайды

Қазақстанның әйелдер регби-15 құрамасы Азия чемпионаты аясында Гонконгпен шешуші матч өткізеді. Жапонияның Фукуока қаласындағы ойын турнирдегі екінші орынды анықтайды.

«Біз Гонконг құрамасымен кездесуді асыға күтіп отырмыз және жоғары деңгейдегі ойын көрсетеміз деп үміттенеміз. Бұл матч — спортшыларымыздың әлеуеті мен күшін дәлелдеуге тамаша мүмкіндік», — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Марк Фабиан Джерис.

Күні: 2025 жылғы 20 мамыр. Уақыты: Астана уақытымен 09:00. Тікелей эфир: Qazsport телеарнасында. Өтетін орны: Фукуока, Жапония.

Матч шиеленісті болмақ, себебі екі команда да жарысты жоғары нәтижемен аяқтауға тырысады.

Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз