Франция мен Қазақстан ардагерлері арасындағы халықаралық регби кездесуі

Франция мен Қазақстан ардагерлері арасындағы халықаралық регби кездесуі

Қазақстан мен Францияның ардагер регбишілері достық әрі халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасыл алаңда бас қосты. Кездесу барысында қос команда жоғары ойын мәдениетін көрсетіп, регбидің басты құндылықтары – өзара құрмет, командалық рух және спорттық достықты дәріптеді.

Мұндай халықаралық кездесулер елдер арасындағы спорттық байланысты нығайтып қана қоймай, жас спортшыларға үлгі болып, регбидің дамуына жаңа серпін береді. Қазақстан Регби федерациясы халықаралық әріптестікті кеңейту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастырады.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз