Қазақстан Республикасының U-9, U-11 және U-13 жас санаттары арасындағы чемпионаты

Қазақстан Республикасының U-9, U-11 және U-13 жас санаттары арасындағы регби чемпионаты жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, елдегі балалар регбисін дамытуға бағытталған маңызды жарыстардың бірі болды.

Турнирге еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, жеңіске деген жігерін және командалық бірлігін көрсетті. Мұндай жарыстар жас таланттарды анықтауға, спортшылардың тәжірибе жинақтауына және Қазақстандағы регбидің болашақ резервін қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз