Қазақстан чемпионаты регби мерекесіне айналды

Қазақстан Республикасының регби-7 бойынша Жоғары лига чемпионаты биыл жаңа форматта өтті. Алғаш рет ұлттық біріншілік тек спорттық жарыс қана емес, көрермендерге арналған ауқымды спорт фестивалі ретінде ұйымдастырылды.

Чемпионатқа келген жанкүйерлер жоғары деңгейдегі тартысты ойындарды тамашалап қана қоймай, бүкіл отбасы үшін ұйымдастырылған түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысты. Стадионда балаларға арналған ойын алаңы, музыкалық бағдарлама, диджей өнері, серіктестер ұйымдастырған интерактивті аймақтар, сыйлықтар ұтысы және фудкорт жұмыс істеді. Фестивальдің басты серіктестерінің бірі — Subaru Kazakhstan балаларға арналған арнайы белсенділік аймағын ұйымдастырды.

Іс-шараға жүздеген көрермен жиналып, стадионға балалар мен ата-аналар көптеп келді. Чемпионатқа кіру барлық қонақтар үшін тегін болды. Бұл регбидің тек кәсіби спорт қана емес, бүкіл отбасыға арналған қолжетімді әрі қызықты демалыс түріне айналып келе жатқанын көрсетті.

Соңғы жылдары Қазақстанда регбиге деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Федерация әлеуметтік желілер мен ресми платформалар арқылы жанкүйерлерден жарыс кестесі мен ойын күндері туралы көптеген сұраныстар қабылдап келеді. Осы қызығушылықты ескере отырып, Қазақстан регби федерациясы чемпионатты көпшілікке ашық форматта өткізу туралы шешім қабылдады.

Бұл бастама елімізде регбиді кеңінен насихаттауға, жаңа жанкүйерлер аудиториясын қалыптастыруға және бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды қадам болды. Қазақстан регби федерациясы алдағы уақытта да халықаралық стандарттарға сай жоғары деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізіп, регбиді халыққа жақындату жұмыстарын жалғастыра береді.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз