U-17 және U-19 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

U-17 және U-19 жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды

Қазақстан Республикасының U-17 және U-19 жасөспірімдер арасындағы чемпионаты еліміздің әр өңірінен келген командалардың қатысуымен жоғары деңгейде өтті. Бірнеше күнге созылған тартысты кездесулерде жас спортшылар өздерінің шеберлігін, командалық бірлігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Федерация жыл сайын жас регбишілердің дайындық деңгейі мен ойын сапасының айтарлықтай өсіп келе жатқанын атап өтеді. Бұл өңірлерде регбидің қарқынды дамып, балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, лайықты марапаттарға ие болды. Мұндай жарыстар жас спортшылардың тәжірибе жинақтап, болашақта ұлттық құрама сапына қосылуына маңызды мүмкіндік береді.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз