Қазақстан Республикасының U-15 және U-19 жасөспірімдер арасындағы көктемгі регби чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің әр өңірінен келген командалар бірнеше күн бойы өзара бақ сынап, жоғары дайындық деңгейі мен командалық ойын үлгісін көрсетті.
Чемпионат қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапаттармен марапатталды. Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, қазақстандық регбидің дамуына өз үлесін қосты.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»




























