15 мамырында тарихи оқиға орын алды — Central & South Asia Rugby Alliance (CASA 7’s) ұйымының меморандумына ресми түрде қол қойылды.
Іс-шараға аймақтың одақ жетекшілері, елшілер, құрметті қонақтар мен түрлі елдердің өкілдері қатысты. Қазақстан тарапынан меморандумға Қазақстан регби федерациясының президенті Қанат Бісімбайұлы Шарлапаев қол қойды.
Бұл кездесу Орталық және Оңтүстік Азиядағы регбидің жаңа дәуірінің басталуын айқындады.
Екі аймақ. Бір көзқарас.
Бірлік, мүмкіндік және регбидің болашағы үшін бірге алға қадам басамыз.
CASA 7’s жолы ресми түрде басталды!
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»




























