Өткен демалыс күндері Регби-7 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының Жоғары лига командалары арасындағы II туры өтті. Екі күн бойы командалар жоғары дайындық деңгейін, ауызбіршілікті және әрбір ойын сәті үшін аянбай күресетін нағыз спорттық рухты көрсетті.
Бұл жарыс тек командалар үшін ғана емес, алаңдағы әрбір қатысушы үшін үлкен сынақ болды. Турнир бойы аптап ыстық ауа райы сақталды. Алайда алаңдағы қызу тартыс тек күннің ыстығынан емес еді. Әрбір кездесу соңына дейін шиеленісті өтіп, ешбір команда жеңісті оңайлықпен беруге дайын болмады. Жылдамдық, жанкештілік, эмоция және жеңіске деген ұмтылыс әр матчты әсерлі әрі есте қаларлық етті.
Қиын ауа райы жағдайына қарамастан, спортшылар табандылық танытып, өздерінің мықты мінезін, төзімділігін және шынайы спорттық рухын көрсетті. Осындай жарыстар регбидің тек күш пен жылдамдықтың ғана емес, сонымен қатар қарсыласқа деген құрметтің, тәртіптің және командалық бірліктің спорты екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Барлық командаларға тартысты әрі лайықты ойындары үшін, төрешілерге кәсіби қызметі үшін, жаттықтырушыларға спортшыларды дайындаған еңбектері үшін, жанкүйерлерге қолдаулары үшін және серіктестер мен ұйымдастырушыларға чемпионатты жоғары деңгейде өткізуге қосқан үлестері үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сондай-ақ, UMIхUMAY компаниясына спортшыларымызға арналған дәмді сыйлықтары мен тәтті тартулары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз. Чемпионат қатысушыларына көрсеткен қолдауларыңызға және турнирдің үздік ойыншыларына арнайы дайындаған бағалы сыйлықтарыңызға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз бұл спорт мерекесін одан әрі әсерлі ете түсті!
Осы спорт мерекесінің бір бөлігі болған әрбір жанға рақмет! Регби-7 бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатының келесі турларында жүздескенше!
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»


































