Қазақстан Регби федерациясының президенті Қанат Бисімбаевич Шарлапаев кездесуге қатысты

Қазақстан Регби федерациясының президенті Қанат Бисімбаевич Шарлапаев ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың ұлттық спорт федерацияларының басшыларымен өткен кездесуіне қатысты.

Кездесу Қазақстан ұлттық құрамаларының XX жазғы Азия ойындарына дайындығына арналды. Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.

Кездесу барысында ұлттық құрамалардың қазіргі дайындық деңгейі, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері, бекітілген жоспарлардың орындалуы, сондай-ақ медициналық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Федерация басшыларының мұндай кездесулерге қатысуы ұлттық құрамалардың дайындығын үйлестіруге, өзекті мәселелерді жедел шешуге және алдағы Азия ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз