Кездесу Қазақстан ұлттық құрамаларының XX жазғы Азия ойындарына дайындығына арналды. Азия ойындары 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді.
Кездесу барысында ұлттық құрамалардың қазіргі дайындық деңгейі, спортшылардың халықаралық жарыстардағы нәтижелері, бекітілген жоспарлардың орындалуы, сондай-ақ медициналық, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Федерация басшыларының мұндай кездесулерге қатысуы ұлттық құрамалардың дайындығын үйлестіруге, өзекті мәселелерді жедел шешуге және алдағы Азия ойындарына сапалы дайындықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


































