17 қазанда Шри-Ланканың Коломбо қаласында регби-7 спортынан Asia Rugby Emirates Sevens Series 2026 халықаралық турнирінің екінші кезеңінің алғашқы ойын күні өтті. Жарысқа Азия елдерінің ұлттық құрамалары қатысуда.
Қазақстан құрамасы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, екі сенімді жеңіске қол жеткізді. Біздің құрамамыз Өзбекстан құрамасын 36:0 есебімен жеңсе, турнирді өз алаңында өткізіп жатқан Шри-Ланка құрамасынан 32:5 есебімен басым түсті.
Алғашқы ойын күніндегі нәтижелі ойын Қазақстан құрамасының халықаралық аренадағы жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Команда турнирдегі сәтті өнерін жалғастырып, алдағы кездесулерде де жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ұмтылады.
Asia Rugby Emirates Sevens Series 2026 турнирінің екінші кезеңі 17–18 қазан күндері Коломбо қаласында өтуде. Алда ұлттық құраманы жаңа ойындар күтіп тұр.
Қазақстан құрамасына сәттілік, сенімді ойын және жаңа жеңістер тілейміз! 🇰🇿
Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»
































