Азия елдерінің ұлттық құрамалары капитандарының кездесуі өтті
2026 жылғы 17–18 қазан күндері Шри-Ланканың Коломбо қаласында өтетін Asia Rugby Emirates Sevens Series 2026 турнирінің екінші кезеңі қарсаңында Азия елдерінің ұлттық құрамалары капитандарының кездесуі ұйымдастырылды.
Іс-шара халықаралық турнирге қатысушы командалардың басын қосып, регби қауымдастығы өкілдерінің өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік берді.
Қазақстанның регби-7 спортынан ерлер ұлттық құрамасы халықаралық Asia Rugby Emirates Sevens Series 2026 турнирінің екінші кезеңіне қатысу үшін Шри-Ланканың Коломбо қаласына аттанды.
Жарыс 2026 жылғы 17–18 қазан күндері өтеді. Қазақстан құрамасы өңірдің жетекші ұлттық құрамаларымен кездесіп, жоғары деңгейдегі ойын көрсетуді және лайықты нәтижеге қол жеткізуді мақсат етеді.
Халықаралық аренада өнер көрсету ұлттық құраманың жарыстық тәжірибесін арттыруға және Қазақстанның регби-7 спортындағы әлеуетін танытуға мүмкіндік береді.
Ерлер ұлттық құрамасына сәтті ойын, командалық бірлік және жарқын жеңістер тілейміз!
Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»


































