Қазақстанның ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары XX Азия ойындарына қатысу үшін Жапонияға аттанды

Қазақстанның ерлер және әйелдер регби-7 ұлттық құрамалары Жапонияға аттанып, XX Азия ойындары — Aichi-Nagoya 2026 жарыстарына қатысады. Азия ойындары аясындағы регби-7 жарыстары 2026 жылғы 1–3 қазан аралығында Нагоя қаласындағы Nagoya City Mizuho Park Rugby Field алаңында өтеді. Қазақстан құрамалары құрлықтың басты спорттық додаларының бірінде ел намысын қорғап, регби-7 бойынша жарысқа қатысады.

Ұлттық құрамаларға жарыста сәттілік, жоғары нәтижелер және жеңісті ойындар тілейміз!
Қазақстан, алға! 🇰🇿🏉

Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі  — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз