ASIA RUGBY EMIRATES U18 SEVENS 2026 ТУРНИРІ ҚАРСАҢЫНДА КОМАНДА КАПИТАНДАРЫ КЕЗДЕСТІ
Қытайдың Циндао қаласында Asia Rugby Emirates U18 Sevens 2026 халықаралық турниріне қатысатын барлық командалардың капитандарының кездесуі өтті.
Жарыс қарсаңында капитандар бас қосып, турнирдің ресми басталуына дайындық жүргізіп, алдағы екі күндік тартысты ойындарға дайын екендіктерін көрсетті.
Asia Rugby Emirates U18 Sevens 2026 турнирі 5–6 қыркүйек күндері Циндао қаласында өтеді. Жарысқа жасөспірімдер және әйелдер құрамалары қатысып, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.
Қазақстан құрамалары халықаралық аренада ел намысын қорғап, турнирде жоғары нәтиже көрсетуге дайын.
Қазақстан Республикасының Регби Федерациясының Бас серіктесі — «Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ», АҚ, серіктесі — SportQory спортты қолдау қоры.
Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»


































