Біздің құрама Emirates Dubai 7s турниріне қатысу үшін Дубайға жол тартты.
Қыздар командасы International Invitation Women дивизионында, ал ерлер командасы International Open Men дивизионында ойнайды.
Спортшыларымызға сәттілік пен жарқын нәтижелер тілейміз. Қазақстан, қолдайық!
Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.




























