ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕГБИДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ

2025 жыл қазақ регбиі үшін елеулі кезең болды. Біздің ұлттық құрамаларымыз халықаралық аренада жоғары дайындық деңгейі мен командалық рухты көрсете отырып, Оман мен Дубайда өткен беделді турнирлерге қатысты.

Оманда өткен Asia Rugby Emirates Men’s Sevens Trophy 2025 турнирінде Қазақстанның ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алып, азиялық регби элитасына қайта оралды. Бұл жеңіс отандық спорттың жоғары деңгейін көрсетіп, біздің мықты командалармен бәсекелесуге қабілетті екенімізді дәлелдеді.

Одан кейін ерлер және әйелдер құрамалары Dubai 7s турниріне қатысты. Ерлер құрамасы 5-орын, ал әйелдер құрамасы 9-орын иеленді. Бұл жарыстар командаларымызға халықаралық деңгейде құнды тәжірибе жинақтауға және командалық рухты нығайтуға мүмкіндік берді.

Айрықша атап өтерлігі, турнирде ардагерлер командасы да жоғары нәтиже көрсетіп, 10-орын иеленді. Бұл қазақ регбиінің барлық деңгейде дамып келе жатқанын және спорттық дәстүрлердің нығайып отырғанын дәлелдейді.

«Біз биыл барлық командаларымыздың жетістіктерін мақтан тұтамыз. Әрбір ойын, әрбір матч спортшылардың дамуы мен Қазақстан регбиінің халықаралық аренадағы беделін нығайтудағы маңызды кезең болды», — деп атап өтті Қазақстан регби федерациясы.

Алынған тәжірибе 2026 жылға дайындық үшін берік негіз болады деп сенеміз. Командалардың жоспарына жаңа халықаралық турнирлерге қатысу және дайындық бағдарламаларын дамыту кіреді.

Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз