ҚАЗАҚСТАН ASIA RUGBY EMIRATES WOMEN’S CHAMPIONSHIP ТУРНИРІНІҢ ВИЦЕ-ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ!

АЛМАТЫ, 2026 жылғы 10 мамыр. Қазақстан әйелдер құрамасы регби-15 бойынша «Asia Rugby Emirates Women’s Championship» турнирінде күміс жүлдеге ие болып, ресми түрде Азияның вице-чемпионы атанды. Алматыдағы стадионда өткен шешуші кездесуде қазақстандық регбишілер Гонконг (Қытай) құрамасына қарсы ойында жоғары тәртіп пен тактикалық басымдық көрсетті.

Бұл жетістік 2025 жылы Жапонияның Фукуока қаласында өткен турнирдегі қола жүлдеден кейінгі команданың тұрақты дамуының заңды нәтижесі болды.

Қатты нөсер жағдайында өткен Гонконг құрамасына қарсы финалдық матч 26:26 есебімен аяқталды. Турнир фавориті — Жапония құрамасымен өткен ойындардағы үздік статистиканың арқасында Қазақстан қорытынды есепте қарсыластарынан озып, Азияның екінші ең мықты командасы мәртебесін иеленді.

Құрлықтың элиталық командаларымен өткен тартысты кездесулерде көрсетілген жоғары кәсібилік деңгейі Қазақстанның Азиядағы жетекші регби державаларының қатарына қайта оралғанын дәлелдейді. Команда халықаралық аренада ең жоғары деңгейдегі міндеттерді орындай алатынын көрсетіп, қауіпті әрі құрметке лайық қарсылас екенін тағы бір мәрте растады.

Қорытынды нәтиже:

  1. Жапония (алтын)
  2. Қазақстан (күміс)
  3. Гонконг, Қытай (қола)

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз