Қазақстан әйелдер құрамасы регбиден Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

10 мамыр күні Алматыда «Asia Rugby Emirates Women’s Championship» халықаралық турнирі аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленді.

Турнирдің соңғы ойын күнінде қазақстандық спортшылар Гонконг құрамасымен тартысты кездесуде 26:26 есебімен тең түсті.

Күміс жүлденің тағдыры Жапония құрамасына қарсы өткен матчтардағы ұпай айырмасымен шешілді. Қазақстан құрамасы қарсыластарынан аз ғана басымдыққа ие болғандықтан, қорытынды нәтиже үшін қажетті есеп айырмасын сақтап қалу маңызды болды.

Толассыз жаңбыр мен қолайсыз ауа райына қарамастан, қазақстандық регбишілер мінез, табандылық және жоғары ойын тәртібін көрсете отырып, қажетті нәтижені сақтап қалып, құрлықтағы үздік командалардың бірі екенін дәлелдеді.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапындағы 26 спортшының 16-сы Алматы қаласының тәрбиеленушілері.

Бұл нәтиже команда бірлігі мен спортшылар мен жаттықтырушылар штабының қажырлы еңбегінің жемісі болды.

Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Жапония құрамасы иеленсе, Қазақстан екінші орынға тұрақтады. Үздік үштікті Гонконг құрамасы түйіндеді.

Алматыда өткен Азия чемпионатының күміс жүлдесі қазақстандық әйелдер регбиі үшін маңызды жетістікке айналып, ұлттық құраманың халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Федерация командаларды дайындауда жан-жақты көмек көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілеріне ерекше ризашылығын білдіреді: Бас демеуші – «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «BI Group» құрылыс холдингіне, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «Subaru Kazakhstan», «Астана Моторс», «Samal Su», компанияларына және «Тексол Транс» ЖШС-не, «Темирбетон-1» ЖШС-не, ЦС ФСО «ДИНАМО», «Raavah Aparthotel», «Stingz Sportswear», «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі», «Спортты дамыту дирекциясы», «Qsport»

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз