Фукуока жапон қаласында әйелдер арасындағы регби-15 бойынша Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы екінші орын үшін Гонконг командасына қарсы шешуші матч өткізді. Қызу күресте біздің қыздар қарсыластарынан жеңіліп қалды, ал «күміс» Гонконгқа кетті.
Сонымен қатар, қазақстандық регбишілер мінез көрсетті, өзін-өзі аямай ойнады және лайықты ойын көрсетіп, турнирдің «қоласын» жеңіп алды. Бұл медаль үлкен еңбек пен жеңіске ұмтылудың нәтижесі.
Құрамамызды мақтан тұтамыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз! Алға, Қазақстан! Спонсорларға қолдауы үшін алғыс айтамыз!
Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.




























