ҚР ҰҚК регби командаларының капитандары ОАР елшілігінде болды

Бүгін ҚР ҰҚК ерлер және әйелдер регби командаларының капитандары бапкерлер құрамымен бірге Оңтүстік Африка Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды.

Кездесу Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы, Танзания және Мозамбик Республикаларындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркін Қадырбекұлы Ахинжановтың шақыруымен өтті.

Кездесу барысында Қазақстандағы регбиді дамыту, халықаралық ынтымақтастық және әлемдік аренадағы спорттық жетістіктердің маңызы талқыланды.

Қазақстан спортына көрсетілген қолдау мен жылы қабылдау үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз