Жетісулық регбишілер VI Жастар ойындарының жеңімпаздары атанды

Осы күндері Талдықорғанда регби-7 бойынша VI жастар ойындары өтті. Додаға 7 облыстан 200-ге жуық регбиші қатысты.

Жетісулық қыздар командасы алтын, жігіттер күміс жүлде жеңіп алды.

Ойындар қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Бахрейндегі Азия ойындарына дайындық басталады.

Қазақстан регби федерациясы ҚР Туризм және спорт министрлігіне алғыс білдіреді. Федерация командаларды дайындауда жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ресми серіктестері мен демеушілері: «Sport Qory» туризм және спорт индустриясын қолдау қорына, «ForteBank» қаржылық серіктесіне, «Kazakhmys» тау-кен компаниясына, «KAZ Minerals» ЖШС-не, «Samal Su», «Stingz Sportswear», «Спортты дамыту дирекциясы», «Сибур Холдинг», «Eurasian Resources Group (ERG)» ЖШС-не, «Solidcore Resources» ЖШС-не, «YDA Холдинг», «Шин-Лайн» ЖШС-не және «Qsport» компанияларына ерекше ризашылығын білдіреді.

·

·

·

Біздің серіктестеріміз бен демеушілеріміз